• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:10:26
Алматы
+35°

Елбасының тікелей бастамасымен жарияланған Жастар жылында Жамбыл обысында жарқын жобалар көптеп жүзеге асуда. Өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар сілтеп, қамқорлық жасауда жергілікті атқарушы органдардан бөлек жекелеген кәсіпорындар да сүбелі үлес қосуда. Солардың қатарында биыл жиырмасыншы белесіне қадам басқан «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің де шоқтығы биік.

Компания биыл Жастар жылына орай өндіріс саласында жүрген озық ойлы, өнертапқыштық қасиеті бар жасы 35-ке дейінгі азаматтар арасында «Болашақ біздің қолымызда» атты конкурс өткізді. Жалпы, серіктестікте 6 223 адам еңбек етсе, оның 2 167-сі 18-35 аралығындағы жастар. Конкурстың алғашқы кезеңінде осы компанияда жұмыс істейтін 70-ке жуық жас конкурстың бірінші кезеңінде өздерінің 59 креативті жобаларын ұсынып, соның ішінде 35-і ақтық сынға өткен болатын. Ал серіктестіктің Минералды тыңайтқыш зауытында өткен ақтық сында іріктеуден іркілмей өткендер өз жобаларын арнайы құрылған комиссия алдында қорғады.

– Жобаның мақсаты – компанияда еңбек ететін жастардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау. Көшбасшылық қабілетін арттырып, іскерлік белсенділігін, қарым-қабілетін, жобалау дағдыларын қалыптастыру және шығармашылық ұжымда әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, идеяларын қанаттандыру. Бұдан бөлек жастардың идеясы арқылы қоғамдағы немесе компаниядағы техникалық, экономикалық, әлеуметтік секілді сан түрлі саладағы өзекті мәселелерді шешу, – дейді «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров.

Өздерінің креативті идеялары мен ұтымды ұсыныстарын көптің талқысына салған өнертапқыштың бірі – «Қазфосфат» ЖШС Минералды тыңайтқыш зауыты бас энергетигінің орынбасары Абзал Қонысбаев. Ол өз жобасында өндіріс орнындағы жүк көтергіш механизмдердегі пайдаланылатын сымдарды алып тастап, оның орнына қабылдағыш және жібергіш сигналдарды енгізу арқылы механизмді пультпен басқару ұсынылғанын айтады.

– Конкурсқа жастар экологиялық, әлеуметтік, техникалық, электрлік, механикалық және өндірістік салалар бойынша өз жобаларын әкеліп қорғап жатыр. Негізінен менің жобам сымсыз басқару деп аталады. Бұл жүк көтергіш заттарды пульт арқылы алыстан басқару. Аталған жаңа құрылғы алғаш Минералды тыңайтқыш зауытында қолданылып, қазір өңірдегі өндіріс орындарының сексеннен астам нүктелерінде пайдалануға енгізіліп үлгерді. Осы құрылғы арқылы 600-900 келілі тартатын жүкті ашық вагондарға артуға болады. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін артыратыны анық, – дейді Абзал Қамбарұлы.

Сонымен қатар компания жастары арасында өнер сайыстары мен спорт жарыстары көптеп өткізілуде. Мұның барлығы да химия өнеркәсібінің алыбы саналасын серіктестіктің жас толқынға деген лайықты қамқорлығы екендігі даусыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір