• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:58:35
Алматы
+35°

Өңірлік штабтың отырысында Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың төрағалық етуімен, ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың қатысуымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері талқыланды, деп жазады әкімдіктің баспасөз қызметі.

МӘМС жұмысының басталуына екі ай мерзім қалғанда қала тұрғындарын толық қамтуға, барлық медмекемелердің ақпараттық жүйесін біріктіруге, алматылықтардың мәртебесін анықтауға қатысты барлық мәселелерді шешу қажет.

«Әрбір қала тұрғынының МӘМС туралы хабардар болуы маңызды. Сонымен қатар, өздігінен еңбекке қамтылғандармен жұмысты жандандыру және жұмыссыздарды тарту қажет. Қалған уақытта медицина қызметкерлерімен және емханалармен жұмысты барынша күшейткен жөн», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Елжан Біртанов хабарлағандай, әлеуметтік медсақтандыру жүйесі енгізілгенде Алматы бойынша медициналық көмекті қаржыландыру 2020 жылдың 1 қаңтарынан 1,5 есеге ұлғаяды.

«Оның үстіне қалпына келтіру үшін емдеу мен паллиативті көмек көлемі 7,5 есе, консультативті-диагностикалық көмек 6,7 есе, стационарлық ауыстыру көмегі 2,3 есе артады», - деп атап өтті министр.

Ресми мәлімет бойынша бүгінгі күні қала тұрғындарының 95,7%-ы шартты түрде МӘМС жүйесі бойынша сақтандырылған. Алматының қалған тұрғындары осы жүйеге қатысушы барлық медициналық ұйымдарға қойылатын төлем терминалдары арқылы өздері жеке жарна төлеп, медсақтандыру жүйесі бойынша медициналық көмекті алуына болады.

МӘМС енгізуге қаланың техникалық дайындығы жоғары: Алматының медицина ұйымдарындағы барлық жұмыс орындары компьютерлік техникамен жабдықталған, барлық мемлекеттік медицина мекемелеріне қажетті ақпараттық жүйелер енгізілген. Медициналық қызметті жеке көрсететіндер арасында ақпараттық жүйемен жарақтану әзірше 66%-ды құрайды және бұл бағыттағы жұмыс екі айдың ішінде аяқталуы тиіс.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша, қазірдің өзінде сақтандыруды ойдағыдай енгізу жөніндегі жұмыс жасалған, медициналық қамтудың үш деңгейлі жүйесі бекітілген, негізгі ақпараттық шешімдер дайын.

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің тиімділігін арттыру мақсатында жүйелі жұмыстардың жүріп жатқанын атап өтті.

«Медициналық көмектің сапасы мен халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету және тегін медициналық көмектің кепілдемелі көлемін көрсетуге жеке секторды тарту үшін барлық жағдайлар жасалуда», - деді Е. Бабақұмаров.

Бүгінгі күні Алматыда субъектілер мәліметі бар базада медициналық қызмет көрсетуге үміткерлер қатарында 572 медмекеме бар. Олардың 78-і мемлекеттік, 179-ы жекешелік. Тегін медициналық көмектің кепілдемелі көлемін көрсету үшін 178 медициналық ұйыммен келісімшарт жасалды. Олардың барлығына медициналық ақпараттық жүйе енгізілген. Желтоқсанға дейін Бірыңғай жиынтық төлеммен бірігу ісі аяқталуы тиіс.

Жалпы, денсаулық сақтау министрінің айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін қызмет көрсетудің бөлек есебін жүргізуге және әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорынан сақтандырылған мәртебесі бойынша ақпарат алуға барлық медициналық ақпараттық жүйелер дайын болуы тиіс. МӘМС енгізу үшін ақпараттық жүйелердің дайын болуы өте маңызды.

Кездесу кезінде алматылықтар арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі келтірілді, ол тұрғындардың әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы жақсы хабардар екенін және жүйені енгізуді құптайтындар деңгейінің 60%-ға жуықтағанын көрсетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір