• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 16:24:48
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

31 Қазан, 2019 Аймақтар

1500 жамбылдық мерзімді әскери борышын өтеуге аттанады

Биыл күзгі әскерге шақырту науқанында 1500-ға жуық жамбылдық жас еліміздегі әскери құрамалардың сапын толықтыруға аттанбақ. Отан алдындағы мерзімді әскери борышын өтеуге сапар шеккен сарбаздардың кезекті бір командасы бұрнағы күні «Ел тірегі-2019» жастар патриоттық акциясы аясында Тараз қаласындағы «Жастар аллеясында» өткен шарадан соң Ақтау қаласындағы теңіз жаяу әскерінің әскери бөліміне аттанды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Сондықтан бұл күні әскерге шығарып салу шарасы ұйымдастырылған «Жастар аллеясына» 45 жас сарбаздар ата-аналары мен туған-туыстары, дос-жарандары көптеп жиналды. Олардың алдында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментнің басшысы, полковник Ерлан Жабықбаев сөз алып, жас сарбаздарға сәттілік тіледі.

–Құрметті жас сарбаздар! Сіздер санаулы сәттерден кейін үлкен өмір табалдырығын аттайсыздар. Әскери қызмет оңай емес. Отан алдындағы азаматтық борыштарыңды өтеуде кездесетін барлық қиыншылықтарды жастық жігердің арқасында абыроймен еңсеретіндеріңіз сенемін.

Сіздер Қарулы Күштердің құрамындағы арнайы әскери құрылым саналатын теңіз жаяу әскерінің қатарын толықтырасыздар. Бұл әскери құрама Ұлы Отан соғысы жылдарында жауға теңіз арқылы шабуыл жасап отырған. Олардың әскери дайындығының жоғары болғаны соншалық неміс басқыншылары кеңестік теңіз жаяу әскерлерін «қара өлім» деп атаған. Ендеше жас сарбаздардың алдында осы әскери бөлімнің абыройын одан әрі асқақ ету міндеті тұр,–деді Ерлан Қахарбекұлы.

Мұнан жас сарбаздарға облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ардагерлер кеңесінің облыс бойынша төрағасы Рамиль Тартықов, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының облыс бойынша төрағасы Дула Әбдісамат сөз алып, жас сарбаздарға ізгі тілектерін арнады. Шараны «Оңтүстік»өңірлік қолбасшылығы әскери басқармасының әскери оркестрінің сүйемелдеуімен әншілер өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ еріктілер жас сарбаздарға арнайы дайындаған сыйлықтарын табыс етті.

Жалпы қыркүйек айынан басталған мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны өңірдегі өз деңгейінде ұйымдастырылуда. Бұған дейін жамбылдық жас сарбаздар еліміздің солтүстік, шығыс, батыс өңірлеріндегі Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ұлттық Ұланның әскери бөлімдері мен бірге Мемлекеттік күзет қызметінің сапын толықтырды. Еліміздегі қорғаныс істері саласында жүргізіліп жатқан қайта жаңғыру жұмыстарына сай мерзімді әскери қызметке шақыру науқанында ең әуелі жоғары білімді жастарға басымдық беріліп жатыр.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір