• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 16:49:11
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қараша, 2019 Аймақтар

"Нұрлы жер" нұрын төгіп жатыр

Бүгінде Тараз қаласы тотыдай таранып, күннен күнге көркейіп келе жатқаны белгілі. Бұл ең бірінші мемлекеттік бағдарламалардың тигізіп жатқан шарапаты екені даусыз. Әсіресе соңғы жылдары салалық бағдарламалар аясында бой көтеріп жатқан тұрғын үйлер тұрғындардың тұрмысын түзеп, әлеуметтің әлеуетін арттыруда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы бүгінгі таңда қалада 80 пәтерлі 19 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 80 және 60 пәтерлі 16 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға арендалық 80 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысына қала бюджетінен 22,0 миллион теңге қаржы қарастырылған. Мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезек тізіміне тіркелген азаматтарға 2019 жылдың мамыр айында 140 пәтер берілді. Оның ішінде көпбалалы отбасылар 65 пәтермен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылы көпбалалы отбасыларға арнап салынған 142 пәтерге бюджеттен 1 млрд. 191,0 млн теңге қаржы қарастырылды. Ондағы 3 бөлмелі пәтерлердің көлемі 60-90 шаршы метрден кем болмайды және құны 8 млн. 400,0 мың теңгеден аспайды. Ендігі кезекте мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Сүлейменов көшесінің аяқталар тұсынан 10 мың 300 отбасыға арналған 280 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде. Сүлейменов көшесінде республикалық бюджеттен жартылай аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін 80 пәтерлі 4 үй және облыстық бюджет есебінен 80 пәтерлі бір үйдің құрылысы басталды. Үстіміздегі жылы 15-ші мөлтек ауданында несиеге берілетін 80 пәтерлі 10 үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ аталған алқапта жергілікті атқарушы органдардың облигациялар шығару жолымен 60 пәтерлі 11 үйдің құрылысы қолға алынуда.

«7-20-25» бағдарламасына келсек, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының «Арай-2» мөлтек ауданындағы 80 пәтерлі 6 үйден қалған 102 пәтер және Сүлейменов көшесінің соңындағы 15-ші мөлтек ауданындағы 80 пәтерлі 9 үйден қалған 295 пәтерді сатылымға ұсыну үшін екінші деңгейлі банк қызметкерлерінің кестесі бекітілген. «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру үшін Қойгелді көшесі №173 үйден арнайы орталықтандырылған түсіндіру офисі құрылды. Кеңсенің басты мақсаты бағдарламаға қатысушы барлық екінші деңгейдегі банктердің өкілдерін бір жерге шоғырландырып, қала тұрғындарын мәліметтік кеңестер, жеңілдіктер туралы хабардар ету, сол арқылы ипотекалық бағдарламаны қарқынды жүзеге асыру болып табылады. Мұнда бағдарлама бойынша «Арай» тұрғын алқабы, Сүлейменов көшесінің соңындағы 15-ші шағын аудандағы жаңа үйлерден пәтер алуға тұрғындардан өтініштер қабылданады. Сонымен қатар түсіндіру кеңсесінде серіктес екінші деңгейлі банктерден құжаттарды рәсімдеу, пәтердің шаршы метрі мен бөлмесі, бағасы туралы толық ақпарат беріледі. Аталған бағдарлама бойынша кеңес алуға 1499 азамат келген. Оның ішінде 1038 азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 164 азаматқа «Арай-2», 297 азаматқа 15-ші мөлтек ауданға жолдама берілді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір