• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:06:28
Алматы
+35°

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов театры өз қойлымдарын онлайн режимде ұсына бастады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы театрдың facebook парақшасында хабарланып, аталған ұжымның бұндай қадамға баруына шаһардың толық карантинге жабылуы себеп болғаны да айтылған.

"Құрметті оқырмандарымыз, көрермендеріміз! Алматы қаласында карантинге байланысты Ғабит Мүсірепов театрының қойылымдарын онлайн режимде өздеріңізге ұсынып отырмыз. Карантин уақытында үйде отырып, өзіңізге ыңғайлы уақытта сүйікті театрыңыздың сүйікті қойылымдарын "YOU TUBE" әлеуметтік желісінен тамашалауға шақырамыз" делінген хабарламада.

"Тамашалау" демекші, театр репертуарындағы ұсынатын спектакльдер тізімі де жарияланған бұл ретте. Айталық, бұл қатарда "Ер көжек" - (музыкалық ертегі) авт. Ө.Боранбаев,  "Естайдың Қорланы" - (махаббат-нама) авт. Иран-Ғайып, "Махаббат хаттары" - (драма) авт. А.Герни және М.Горькийдің "Шыңырау" сынды драмалары бар. 
 
Осылайша, театр жоғарыда аталған туындылардың ішінде жаныңыз қалаған қойылымды онлайн ұсынуға дайын екендерін жеткізеді. 
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір