• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:39:53
Алматы
+35°

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықты төтенше жағдай кезінде, сондай-ақ осы кезеңнен кейін жұмыспен қамтамасыз ету үшін Жұмыспен қамтудың жол картасы әзірленді және бекітілді.

Қабылданған Жол картасының негізгі мақсаттары:

- жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу;

- қосымша жұмыс орындарын құру және халықтатабыстың болуын қамтамасыз ету;

- елді мекендердің инфрақұрылымдық дамуы үшін жағдайлар жасау.

Жол картасын жүзеге асыруға біздің облыс үшін 34 млрд. теңге қарастырылған.

Барлығы 144 жоба іске асырылатын болады, олар 8 911 жаңа жұмыс орнын, оның ішінде 400-ден астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жұмыспен қамтудың жол картасы келесі бағыттар бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздейді:

1) Әлеуметтік-мәдени нысандар: барлығы 63 жоба,          2 829 жұмыс орнын құрумен, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы осы жұмыс орындарына 1387 адам жұмысқа орналасады.

2) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары: 37 жоба, 2 829 жұмыс орнын құрумен, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы осы жұмыс орындарына                     1 414 адам жұмысқа орналасады.

3) Инженерлік-көліктік инфрақұрылым нысандары: барлығы 30 жоба, 1 382 жұмыс орнын құрумен, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы осы жұмыс орындарына 792 адам жұмысқа орналасады.

4) бұл елді мекендерді абаттандыру бойынша 13 жоба, 1 455 жұмыс орнын құрумен, соның ішінде жұмыспен қамту орталықтарынан 753 адам жұмысқа орналасады.

Жол картасы шеңберіндегі жобаларға қатысу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгіну қажет.

Жұмыспен қамту жол картасы аясында бүгінгі күні мердігерді анықтау бойынша тиісті конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Мердігерлердің басым бөлігі осы айдың соңына дейін анықталатын болады.

Бұл ретте, мердігерлермен шарттар жасасу кезінде бірқатар принциптік талаптар қойылады:

1) жобаны іске асыру барысында қызметкерлердің кемінде 50% - ы жұмыспен қамту орталықтарынан тартылуы тиіс.Бұл ретте олардың жалақысы 150 мың теңгеден кем болмауы тиіс.

2) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің кемінде 90% жергілікті тауар өндірушілерден сатып алынуы тиіс.

Барлық осы талаптар орындалуы тиіс. Жергілікті жерлердегі әкімдер мұны бақылайтын болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір