• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:37:45
Алматы
+35°

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Әуезов ауданындағы жеңіл өнеркәсіп орындары мен полиэтилен құбырын шығаратын зауытта болды. Бұл туралы Іnstagram парақшасында жазды.

«Спира-Берга» зауытында газ және сумен қамту, су құбырының инженерлік желілері үшін полиэтилен құбырларын шығару дұрыс жолға қойылған. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жоғары, мұнда жылына 8 мың тоннадан астам өнім шығарылады. 75 жұмыс орны құрылды.

Қала әкімі алты желі арқылы атқарылатын өндіріс үрдісімен танысты. Жұмыс процесстерінің басым бөлігі автоматтандырылған, оның ішінде цифрлық бақылау және барлық жұмыс тораптары мен агрегаттарының параметрлерін басқару да бар.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кәсіпорын жабдықтарын модернизациялауда, ал бұл жұмыс сапасын арттырып, құбырларды механикалық және ультракүлгін сәулелерден зақымданудан қорғауда. Зауыт Алматының су, газ, кәріз құбырларына, сонымен қатар кабельдерді суару және құрғату жүйелерін қорғайтын құбырларға деген сұранысын қамтамасыз ете алады.

Б. Сағынтаев құбырлар ассортиментін игеруді және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және мердігерлік компаниялармен бірге кәсіпорындардың тапсырыс беру мәселесін қарастыруды тапсырды.

Алматы әкімі «Мануфактура 24» ЖШС әйелдердің дизайнерлік киімдер шығаратын өндірістік цехында болды. Мұнда 24 адам жұмыс істейді.

Б. Сағынтаев қалаға белгілі бір тауарларға және қызметтерге деген сұранысты қанғаттандыратын әрі сапалы жұмыс орындарын ашатын осындай ШОБ кәсіпорындарының қажет екенін атап өтті.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

17.06.2020 Жұмыс сапары барысында Әуезов ауданындағы газ және сумен қамтамасыз ету, суды бұруға арналған, сондай-ақ кабель, суғару, дренаж жүйелерін қорғайтын полиэтилен құбырларын өндіретін кәсіпорында болдым. Қуаттылығы жылына 8 мың тонна өнімді құрайды. Зауытта 75 жұмыс орны ашылды. Барлық тораптар мен агрегаттардың жұмыс параметрлері сандық бақылау мен басқаруда екенін айтпағанда, процестер барынша автоматтандырылған. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы және «Даму Өндіріс» өңдеу өнеркәсібі саласындағы ШОБ-ты несиелендіру бағдарламасы аясында субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау шараларының арқасында аталған кәсіпорын өз жабдықтарын жаңғыртуда. Бұл — құбырлардың сапасын арттыруға, оны механикалық зақымданудан және ультракүлгін сәулеленуден қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зауыт Алматының инженерлік желілерге арналған құбырларға деген қажеттілігін қамтамасыз ете алады. «Атамекен» ҰКП және коммуналдық кәсіпорындармен бірлесіп, зауыттағы тапсырыстардың орналу мәселесін зерделеуді тапсырдым. Алматылық өндірушілерді қолдайық. —— В ходе рабочего объезда посетил в Ауэзовском районе предприятие по производству полиэтиленовых труб для газо- и водоснабжения, водоотведения и для защиты кабеля, систем полива и дренажных систем. Мощность составляет 8 тыс. тонн продукции в год. На заводе создано 75 рабочих мест. Процессы максимально автоматизированы, включая цифровой контроль и управление параметрами работы всех узлов и агрегатов. Благодаря мерам государственной поддержки в виде субсидирования в рамках государственной программы «Дорожная карта бизнеса – 2020» и программы кредитования МСБ в сфере обрабатывающей промышленности «Даму Өндіріс» предприятие модернизирует оборудование. Это позволит повысить качество и обеспечить защиту труб от механических повреждений и ультрафиолетового излучения. Завод может обеспечить потребность Алматы в трубах для инженерных сетей. Поручил совместно с НПП «Атамекен» и коммунальными предприятиями изучить вопрос размещения заказов на заводе. Будем поддерживать алматинских производителей.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)



 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір