• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:24:18
Алматы
+35°

Алматыда коронавирусты анықтауға арналған лабораториялар дезинфекциялық жұмыстарға байланысты жабылады. Себебі лабораторияның бірнеше қызметкерінен коронавирус анықталды. Бұл туралы Ұлттық сараптама орталығының директоры Арнұр Нұртаев айтты.

Нұртаевтың айтуынша, лабораториялардың жабылуына сол мекемедегі қызметкерлердің C0VID-19 жұқтыруы себеп болған.

– Лабораторияларда адамдар жұмыс істейді. Олар халықты тестілеуден өткізеді. Өкінішке қарай, қандай шаралар қолданылсын, оларда вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. Лаборатория қызметкерлері вирус жұқтырған жағдайлар тіркелді. Сондықтан дезинфекциялық жұмыстар жүргізу үшін лабораториялар бірнеше күнге жабылады, – деді Ұлттық сараптама орталығының директоры.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір