• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:04:53
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметі Атырау облысына дәрігерлер жіберіп, дәрі-дәрмек жеткізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.

– Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-Министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі, – деп жазды мемлекет басшысы.

Қазақстан бойынша Атырау облысы коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны жағынан алдыңғы орында тұр.

Жалпы облыста барлығы 7393 адам вирус жұқтырған. Оның 4729-ы жазылып шықса, 13 адам қайтыс болған.

Copy Code

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір