• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:12:13
Алматы
+35°

Қазақстанда ПТР-тестілеу санын арттыру үшін республикалық бюджеттен тағы 42 млрд теңге қажет. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, жыл соңына дейінгі эпидемиологиялық жағдайды болжау мен ПТР-зертханаларды арттыруды ескере отырып, республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу қажет.

Цой 1 тамызға дейін тестілеу күніне 35,6 мыңға дейін артады деп мәлімдеді. Ал 1 қыркүйекке дейін денсаулық сақтау министрлігі мен білім және ғылым министрлігінің зертханаларын қайта жарақтандыруды есепке алғанда – күніне 64 мыңға дейін жетеді.

– ПТР-тестілеу бойынша қызметтерді төлеуге республикалық бюджеттен қосымша 42 миллиард теңге бөлу қажет. 170 миллион теңге зерттеу жүргізуге тартылған ветеринариялық зертханалардың 67 маманына ақы төлеуге жұмсалады, – деді Цой.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір