• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:29:10
Алматы
+35°

Сарқан ауданының «Парыз» және «Жалын Жүрек» қоғамдық бірлестіктерінде 118 ерікті бар. Олар елімізде Төтенше жағдай жарияланғанына байланысты «Мейрімді Жетісу» акциясы аясында аудандағы демеушілердің қолдауымен көпбалалы отбасы,  әлеуметтік жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік, антисептиктер таратты.

Барын жоқ-жітікпен бөлісіп, ел сүйінер қайырымдылық жасап, абыройлы болып жүрген жомарттар 245 отбасына жәрдемдесті. Еріктілер аудан орталықтарында және ауылдық округтеріндегі қарттарға қамқорлық көрсету, жастарды үлкендерге құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында  жалғыз басты қарияларымыздың үнемі үйлеріне барып, қал жағдайларын біліп, үй ауласын тазартып, отындарын шауып, көмек қолын созып тұрады. Қазірдің өзінде 47 отбасына жәрдемдесті.

Күллі әлемді дүрліктірген індет елімізде де өршіп тұр. Деседе өз басын қатерге тігіп, коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбектері орасан зор. Осындай қиын кезеңде инфекциямен күресуге жұмылған дәрігерлерге Сарқан ауданының  еріктілері қосылып, Жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлеріне 30 литр қымыз жеткізіп, өз үлестерін қосты. Аудан бойынша ең үздік ерікті Нурбол Ахметбай  «Мейрімді Жетісу» акциясы аясында 34 отбасыға демеушілеріміздің қолдауымен берілген азық-түлікті таратты. Ауданда көпке үлгі болатын еріктілер жетерлік. Қиын сәтте ел болып, жұдырықтай жұмылсақ, қиыншылықтың барлығын жеңіп шығамыз.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қайырымдылық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір