10 Тамыз, 2020 Әлем

Наразылықты басқаннан кейін Беларусьте Лукашенконың жеңгені хабарланды

qamshy.kz

Беларусь республикасының Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады. Оған сәйкес, қазіргі президент Александр Лукашенко сайлаушылар даусының 80,23 пайызын жинап, жеңіске жеткен. Үміткер Светлана Тихановская 9,9 пайызы, Анна Канопацкая 1,68 пайыз, Андрей Дмитриев 1,04 пайыз, Сергей Черечень 1,13 пайыз дауыс алған. Саулауға қатысқандардың 6,02%-ы барлық үміткерге қарсы дауыс берген.

Кеше, жексенбі күні exit poll нәтижесі шыққан кейін азаматтар Минскіде және елдің басқа да қалаларында жаппай наразылық акцияларына шыққан. Тұрғындар 1994 жылдан бері елді үздіксіз басқарып келе жатқан Александр Лукашенканың жеңісіне сенбейді.

Беларусь бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, елде наразылыққа шыққан азаматтарды қарулы күштер ұстап, әкетіп жатыр.

NEXTA Live телеграм каналы Минскідегі полиция мен бейбіт тұрғындар арасындағы қақтығыстың бейнекадрларын жариялады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері наразылық білдірген азаматтарды жарықтық гранаталарды қолдана отырып таратуға тырысқан.

NEXTA Live телеграм каналының мәліметінше, 9 тамыз күні түнде болған наразылық акциясында Минск қаласының бір тұрғыны қайтыс болған. Акцияның құрбаны болған ондаған адам Минск ауруханаларында қажетті ем алып жатыр.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір