23 Қыркүйек, 2020 Саясат

Мәулет Әшімбаев: 1 желтоқсанға дейін бюджет туралы заң қыбылдануға тиіс

Фото: senate.parlam.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы өтті. Сенаторлар республикалық бюджетті зерделеп, пысықтайтын болады. Бұл туралы парламент сенатының ресми сайтында хабарланды.

Сенат бюросының отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі талқыланды. Атап айтқанда Мәулен Әшімбаев Парламентке 1 қыркүйекте келіп түскен үш жылға арналған республикалық бюджет жобасына депутаттардың назарын аударды. Сенат төрағасы елдің басты қаржы құжатымен жұмыстың нақты мерзімін белгіледі.

– Біз осы заңды 1 желтоқсанға дейін қабылдауымыз керек. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Сондықтан сенат депутаттары мәжілістегі әріптестерімен бірге аталған заң жобасы бойынша жұмысты бастады. Республикалық бюджет жөніндегі заң жобасын уақытылы әрі сапалы қабылдау парламент пен үкіметтің тиімді өзара іс-қимылына байланысты, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы жұртшылық мемлекеттік қаржыны бөлу мәселелеріне ерекше назар аударатынын, қоғамда республикалық бюджетті жоспарлауға қойылатын талаптар арта түскенін еске салды.

Мәулен Әшімбаев оны оң үрдіс ретінде санайды. Сондықтан парламентшілер заң жобасын мұқият зерделеп, қоғам тарапынан бар сұраныстарды ескере отырып пысықтауы қажет.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір