Фото: "Не молчи" қоғамдық қоры әлеуметтік желідегі парақшасынан

Ақтөбеде бұрынғы әйеліне қол жұмсаған ер адамға сот үкімі шығарылды, деп хабарлады Ақтөбе қаласының №2 сотынының баспасөз қызметі.

"Не молчи" қоғамдық қоры әлеуметтік желідегі парақшасында әйелінің бетін кескен Сәкен Бекеновтың 4 жылға сотталғанын жазды.

"Ақтөбеде сот Сәкен Бекеновке үкім шығарды! Ол әйелінің бетін кесіп тастағаны үшін 4 жылға сотталды!" делінген парақшадағы жазбада. 

Ақтөбе қаласының №2 соты С .Е. Бекеновке қатысты қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша қылмыстық істі қарады.

"Сотта 2020 жылдың 14 наурызында Бекенов өзінің бұрынғы әйелі жұмыс істейтін кафеде мас күйінде оған қол жұмсағаны, беті мен білегінің бірнеше жерінен кескілегені айтылды. Бекеновтың кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары, сараптама қорытындылары арқылы дәлелденді.

Жәбірленуші сотталушыны кешіріп, бас бостандығынан айырмауды сұрады. Алайда сот әйелге қатысты жасалған қылмыстың қатыгездігін, сондай-ақ бұл қылмыстың ауыр жағдай – мас күйінде жасалғаны айтылды" делінген хабарламада.

Осыған байланысты сот Бекенов қоғам үшін қауіпті және оны оқшаулау керек деген қорытындыға келді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.                

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір