• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:24:40
Алматы
+35°

Фото: Ақтөбе облысы баспасөз қызметі

17-қазан күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Мәртөк ауданының әлеуметтік- экономикалық жадайымен танысып, пандемияның алдын- алуға бағытталған жұмыстарды бақылады. qamshy.kz

Облыс әкімі Сарыжар ауылындағы өрт сөндіру бекетінің ашылу рәсіміне қатысты. 1987 жылы салынған нысан биыл күрделі жөндеуден өтіп, өрт сөндіру бекеті ретінде пайдалануға берілді. Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына арналған шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов, ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Марғұлан Аманбаев, Полиция департаментінің басшысы Арыстан Атығаев, т.б құтқару қызметінің өкілдері қатысты. Облыс әкімі авариялық-құтқару техникаларымен танысып, бекет ғимаратын аралады. qamshy.kz

“Жанкешті еңбектеріңіз бен борышқа адалдықтарыңыз үшін алғыс білдіремін. Азаматтық қорғау органдары шешетін міндеттердің маңыздылығына ешкім шек келтіре алмайды. Ауа райының қандай жағдайы болмасын, аптап ыстықпен, қытымыр аязда, өрттен де, судан да, табиғи апат, немесе адам қолымен жасалған тілсіз жаулардан арашалауға біздің құтқарушылар әрқашан дайын. Ақтөбе облысында ағымдағы жылы 2900-ға жуық авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілген. qamshy.kzНәтижесінде 2000-ға жуық адам құтқарылған, 100-ден аса адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген”,-деді Оңдасын Оразалин. Құтқару қызметі саласындағы 7 азаматты алғыс хатпен марапаттап, техникалық автокөліктердің кілтін табыстады. Жаңа өрт сөндіру бекетінің жеке құрамы 23 қызметкерден, 4 автокөлік, 6 қосалқы техникаларымен жабдықталған. qamshy.kz

Аймақ басшысы Батыс Қытай Батыс Еуропа жол бойында жаңадан іске қосылған сервис кешенінің жұмысымен танысты. «Eco Oil» сервистік кешені еуропалық стандартқа сай салынып, жолаушыларға жағдай жасалған. Дүкен, тамақтану орны, жуынатын бөлме т.б бар. Жоба құны 400 млн тг құрайды. 23 адам жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі Сарыжар ауылдық округіндегі қияр, қызанақ егумен айналысатын жылыжай кешенінің жұмысын қарады. “Анесов” ЖШС шаруашылығы алғашында өсімдікті ашық алаңға еккен. 2020 жылдың маусым айында 1 га аумақ егін аумағын қоршап, жылыжай кешенін салды. Тамшылатып суару тәсілі қолданылады. Күнара 1,5 тонна өнім жиналып, Ақтөбе қаласының сауда орындарына жеткізілуде. Кәсіпкер алдағы уақытта егістік көлемін кеңейтуді жоспарлайды. Жергілікті 10 ға жуық азамат жұмыспен қамтылды. Оңдасын Оразалин “Жұмыспен қамту жол картасы” бағдарламасы аясында жүзеге асырылған ауылішілік Әйтеке би, Жаңақоныс көшелерінің орташа жөндеуін бақылады. Жоба құны 113,4 млн тг қаржыны құрайды. Жөндеуі сәуір айында басталып тамыз айында аяқталды. 2021 жылы ауылішілік 8 көшені жөндеу жоспарда. Өңір басшысы бұдан соң «Жайсаң» шекара бекетіндегі коронавирустық инфекцияның таралуын алдын-алу мақсатында азаматтардың шекарадан өту кезіндегі санитарлық талаптардың сақталуы бойынша қабылданған шараларды бақылады. qamshy.kz

  ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы Әлімжан Бакиев облыс әкіміне жағдайдың тұрақтылығын баяндады. Бекеттен 5 бөлмелі арнайы изолятор ашылған. Онда шекарадан өткен азаматтар тексеруден өтеді. Медицина, полиция қызметкерлері үздіксіз қызмет атқаруда. Айтып өтейік, 6 қазаннан бастап шекарадан ПТР( полимеразды тізбекті реакция) тесттен өткен анықтамасы бар азаматтарға өтуге рұқсат етіле бастады. qamshy.kz

Жайсаң ауылындағы көпсалалы колледжінің жатақханасынан 100 орындық короновирустық инфекциямен күресу мақсатындағы стационардың, дәрігерлік амбулатория құрылысымен, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан 

«Жайсаң арнайы білім беру ұйымы» КММ жөндеу жұмыстарымен танысты.

150 балаға арналған білім ұясының күрделі жөндеуі 2020 жылдың мамыр айында басталған.Мемлекеттік бағдарлама бойынша 120 млн.тг. қаралды. Аймақ басшысы ғимарат ішін аралап, сапасын жоғары бағалады. Қазіргі таңда 93 бала тәрбиеленуде. Жергілікті 30 азамат жұмыспен қамтылды. Мәртөк ауылында дәрігерлерге арналған “Мейірімді жүрек” құрмет тақтайшасы ашылды. Оңдасын Оразалин ескерткіш орнатылған аллеяда аудандық дәрігерлермен кездесіп, сын сағатында жан аямай еңбек еткендері үшін алғыс білдірді. Демалыс орнына шырша ағашын отырғызды. qamshy.kz

Аймақ басшысы “Достық”, “Жастық” саябақтарының , «Арбат» кешенінің абаттандыру жұмыстарымен танысты. 

 «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында құны 166,8 млн тг  

Мәртөк аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, 

Қаратоғай ауылдық округіне қарасты 

«Ақтөбе – Родниковка – Мәртөк» автомобиль жолының 68-93 км учаскесінің орташа жөндеу жүргізілді. Жоба құны 168,2 млн.тг. құрайды. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары 2021 жылы аяқталады. Жоба толық жүзеге асырылса Ақтөбе- Мәртөк жолындағы автокөліктердің ағыны азайып, жолға артық күш түспеуіне септігін тигізбек. 

Жұмыс сапарын қорытындылаған облыс әкімі аудан басшысы Ермек Кенжеханұлына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндіріс көлемін арттыруды, жұмыссыздарды тұрақты жұмыспен қамту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір