30 Желтоқсан, 2020 Әлеумет
Фото: көрнекі сурет
2021 жылы мереке күндерін қосқанда қазақстандықтар 121 күн демалады. Жаңа жылда барлық мереке демалыс күндеріне сәйкес келетіндіктен қазақстандықтар 3-4 күн қатарынан демалады.
Демалыс күндерінің көп бөлігі қаңтар мен мамыр айларына келеді.
2021 жылғы ең ұзақ демалыс күндер:
қаңтарда - Жаңа жылда - 4 күн;
наурызда - Наурыз мерекесі құрметіне - 5 күн;
мамырда - Жеңіс күнінде - 4 күн;
желтоқсанда - Тәуелсіздік күніне - 4 күн.
Басқа мерекелерде демалыс күндері үш күнге созылады. Сонымен бірге, бір демалыс Рождествоға - 7 қаңтарға сай келеді, Құрбан айттың бірінші күні де демалыс, ол 20 шілдеге сәйкес келеді. 8 наурыз дәстүрлі түрде Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өтіледі. Наурыз мейрамының бірінші күні жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан бұл күндегі демалыс 24 наурыз, сәрсенбіге ауыстырылды.
1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі мерекесі сенбіге келгендіктен, осы күнге арналған демалыс 3 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылды.
9 мамырдағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні жексенбіге де келіп түседі, соған байланысты демалыс күні 10 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылды.
Айта кету керек, алдағы жылы қазақстандықтар Астана күнін 3 күн - 4,5 және 6 шілдеде атап өтеді. Ал сенбі, 3 шілде жұмыс істейді (кейінге қалдырылды).
30 тамыз - Конституция күнінде де демаламыз.
Желтоқсанда бізде 3 мереке болады: 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. 16-17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір