• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:23:20
Алматы
+35°

Парламенті мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы қаулы бойынша үйде емделуіне немесе коронавирусқа қатысты карантинде болуына байланысты өзін-өзі оқшаулау режиміндегі сайлаушыларға дауыс беру пәтерге кірмей ұйымдастырылуға тиіс. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Мұндай дауыс беруді байланыссыз тәсілмен, мысалы, саты алаңында (үй маңындағы аумақта) қатысушы дауыс беруге арналған бюллетеньді және үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтініш тасымалданатын жәшікке салу арқылы өткізуге болады.

  • дауыс беруге арналған бюллетеньді алғанға дейін дауыс беруге қатысушы маска тағып, қолын антисептикпен өңдеуі тиіс.
  • Учаскелік комиссия мүшелері міндетті түрде қолдарын, тасымалданатын жәшіктің беттерін дезинфекциялауы керек.
  • Жеке қорғаныш құралдарын қайта пайдалануға болмайды, көрсетілген жеке қорғаныш құралдары тығыз жабылатын контейнерге немесе одан әрі кәдеге жарату үшін бакқа салынуы тиіс.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір