• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Мамыр, 05:44:05
Алматы
+35°

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы "Sputnik V” вакцинасын салдырды.

Вакцинация Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада өтті. Вакцинаны алдымен Ерлан Қиясов, одан кейін Ажар Ғинаят салдырды. Екпеден кейін олар 30 минут бойы дәрігерлер бақылауында болады.

– Мен өзімді жақсы сезініп тұрмын. Бірінші дозаны алған соң карантинге оқшауланудың қажеті жоқ. Мен қазір жұмысқа барамын. Вакцинадан кейінгі күтімді ұстануға тырысамын. Дегенмен баршаңызды карантин режимін сақтауға шақырғым келеді, – деді Қиясов.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният вакцина саларда еш уайымдамағанын жеткізді.

– Мен үнемі вакцина аламын. Бұл – ең тиімді қорғаныс құралы, сондықтан вакцинаға қол жеткізген алғашқы елдердің бірі болғанымызға қуануымыз керек. Жеке өзім вакцина арқылы медицина мамандарын, тұтас халықты қорғай алатынымызға қуандым.

Вакцина саларда да еш уайымдаған жоқпын. Өйткені мен дәрігермін және вакциналық препараттардың артықшылықтары мен кері әсерлерінен хабардармын, – деді Ажар Ғиният.

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бүгіннен бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы "Sputnik V" вакцинасын ерікті түрде салу басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір