• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:38:15
Алматы
+35°

Алматыдағы "Кенжехан-1" базарынан өрт шықты. Өрттің видеосы kris.p.online Instagram парақшасында жарияланды.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін таңғы сағат 9:30 шамасында болған.

"Кенжехан-1" базарында авто бөлшектері бар үш қабатты контейнерлер жанып жатқан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жеткен.

"Өрттің сауда орталығында іргелес жатқан көрші контейнерлерге таралу қаупі болды. Өрт сөндірушілер жедел қызмет көрсетті, гидранттарға цистерналар орнатылды. Нәтижесінде құтқарушылар өртті тоғыз минуттың ішінде оқшаулады. Өрт алаңы шамамен 40 шаршы метр" делінген хабарламада.

Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД 40 қызметкері мен 10 техника жұмылдырылған.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір