• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 13:26:57
Алматы
+12°

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша сот 54 адамға үкім шығарды.  

Бүгін Қарағанды ​​облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Кенжебай Ысқақбаев сот үкімін жариялады.

"Сот 9 айыпталушыны 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Олар жазасын орташа және төтенше қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде өтейді. Ал 44 айыпталушыны шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырды. Тағы 2 адамды шартты түрде 1,5 жылға соттады" делінген хабарламада.

Сот барысында сотталушылар жергілікті полиция бөліміне және педофилдің көршілеріне келтірілген материалдық шығынды өтеп үлгергені белгілі болды. Тәртіп сақшыларының бүлінген автокөліктері 26 миллион теңгеге бағаланды.

Еске сала кетейік,  Сәтбаев қаласында 2020 жылдың 23-інен 24 шілдесіне қараған түні бала ұрланып, зорлық-зомбылық көргені хабарланған. Кейін қалада жаппай тәртіпсіздік басталып, Сәтбаев пен Жезқазған қалаларының тұрғындары жиналып күдіктіні өздері жазаламақ болған. Олар алаңға жиналып полиция өкілдеріне қарсы шыққан.

Аталған оқиға қатысушыларына қылмыстық кодекстің 272-бабы 1-2 бөліктері (Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) және 380-баптың 1-бөлігі (Мемлекеттік қызметкерге күш қолдану) бойынша айып тағылған болатын. Барлық сотталушылар прокурорлармен процессуалдық келісім жасасып, кінәсін мойындаған.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір