• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 04:46:51
Алматы
+12°
Өз өтінішімен мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігін тоқтатқан Бекболат Тілеухан жаңадан баратын қызмет орны – Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы (WEC) немен айналысатыны белгілі болды. Экс-депутат онда вице-президент болып тағайындалған. Бұл туралы конфедерация баспасөз қызметі хабарлады.
 
Баспасөз қызметінің мәліметінше, халықаралық ұйымның штаб-пәтері Түркияның Ыстамбұл қаласында орналасқан. Оны Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұлы Біләл Ердоған басқарады. Ұйымға Қазақстан 2019 жылы алғашқы толыққанды мүшесі ретінде қабылданған. Қазіргі уақытта ұйымға әлемнің көптеген этноспорт федерациялары мүше.
 
"Бекболат Қанайұлы өткен жылдан бері конфедерацияның Орталық Азия комитетіне жетекшілік етіп келеді. Атап өтейік, 2022 жылы IV Көшпенділер ойындары Түркияның Бурса қаласында өтеді деп жоспарланған. Бүгін Қауымдастық президенті өз өтініші негізінде депутаттық өкілеттілігін тоқтатып, парламент мәжілісінің депутаттық мандатын мерзімінен бұрын тапсырды" делінген ұлттық спорт қауымдастығы баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бекболат Тілеухан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір