• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

25 Мамыр, 23:11:34
Алматы
+19°

Мәскеу Украинаның шығысында шабуыын күшейтіп жатыр. Шығыста қатты атыс жалғасып, Винница облысы мен бес теміржол вокзалында шабуылдар тіркелді.

Ресей күштері қанатты зымырандармен Украинаның оңтүстік-батысындағы Винница облысының екі қаласын атқылады деп хабарлады облыстың губернаторы Сергей Борзов. Сөзінше, Жмерынка және Козятин қалаларындағы маңызды инфрақұрылым нысандары зымыранмен атылған.

"Өлгендер мен жараланғандар бар" деді Борзов Telegram-да.

Ресей АҚШ-қа Украинаға қосымша қару бермеуді ескертті

Ресейдің Вашингтондағы елшісі "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында Мәскеу Вашингтонға Киевке көбірек қару жібермеу туралы ескерту жасағанын айтты.

"Америка Құрама Штаттары Украинаға қаруларды көптеп беріп жатқан кезде біз мұндай жағдайдың қабылданбайтынын атап өттік және біз бұл тәжірибені тоқтатуды талап еттік" деді Анатолий Антонов "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Теміржол вокзалына шабуыл

"Ресей күштері таңертек Украинаның орталық және батысындағы бес теміржол вокзалына соққы берді" деп хабарлады елдің теміржол қызметінің басшысы Александр Камышин.

"Зардап шеккендер бар, біз жағдайдың егжей-тегжейін анықтап жатырмыз" деді ол желідегі жазбасында. Камышин кем дегенде 16 пойыздың уақыт кестесі өзгергенін айтты.

Ресей Украинаның мұнай базасы мен әскери нысандарына соққы берді

"Ресей қорғаныс министрлігі әскер Украинаның Кременчуг мұнай өңдеу зауытына және Украинаның әскери нысандарына соққы беріп қиратты" деп хабарлады ТАСС ақпарат агенттігі.

Агенттік сондай-ақ Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері Харьков облысындағы аудандарда Украинаның он шақты ұшқышсыз ұшатын аппаратын атып түсіргенін атап өтті.

Луганскіде құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

"Ресей күштері Луганск облысын атқылағаннан кейін құтқарушылар Лысычанскідегі өртті сөндіруге және Северодонецктегі үйінді астынан мәйіттерді шығаруға жұмыс істеп жатыр" деп хабарлады Украинаның төтенше жағдайлар қызметі Telegram-каналында.

"Құтқарушылар оқ ату қаупіне қарамастан, өртті жойып, кәсіби міндеттерін үздіксіз атқарып жатыр" делінген хабарламады.

Әл-Жазира: Лайманда сұрапыл атыс болып жатыр

"Ресей күштері шығыстағы Славянск қаласына басып кіріп, жақын маңдағы Лайман қаласы қазірдің өзінде ауыр шабуылға ұшырады" деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы.

Телеарна ақпаратынша, адамдар бункерлерді паналап жатыр.

Ресейдің шабуылдарына қарамастан қалаға кіруге тырысатындар да бар. "Бізде басқа таңдау жоқ, біздің үйіміз сонда және Днепрде тұруға шамамыз жоқ" дейді бір отбасы қоныс аударған адамдар кездесетін қиындықтарды атап өтіп.

Украина әскері: Азовстальда оқ борап тұр

"Ресей күштері Азовсталь металлургиялық зауытына соққы берді" деп хабарлады Украина әскерилері.

Болат зауыты Мариупольдің оңтүстігіндегі қарсыласудың соңғы табан тірегінің бірі болып есептеледі. Онда жүздеген украиналық жауынгерлер мен 1000-ға жуық бейбіт тұрғын жер асты туннельдерінде жасырынып отыр.

Ресей Украинаның шығысындағы Попасна қаласына шабуыл жасады

"Ресей күштері Луганск облысының оңтүстік-шығысындағы 20 мың тұрғыны бар Попасна қаласына басып кірді" деп хабарлады Украина қарулы күштерінің бас штабы.

Оны басып алу Луганск пен көршілес Донецктегі украиндық күштерді қоршауды жеңілдетуі мүмкін, өйткені қала маңызды көлік торабына жақын төбеде орналасқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украина Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір