• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:36:02
Алматы
+35°

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ауқымды жұмысты бастады.

Бүгінгі таңда экология саласы мегаполистің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрініс тапқан және қала тұрғындарын толғандыратын негізгі салалардың бірі болып табылады.

Қаланың негізгі экологиялық мәселелері ауаның ластануы, қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату, көгалдандыру мәселелері және ойластырылмаған құрылыс болып табылады.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Осы олқылықтарды жою мақсатында қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының бастамасы бойынша экология саласындағы уәкілетті органдардың және қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен көшпелі кездесу өткізілді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдыңғы қатарында азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйін жақсартуға алып келетін халықтың проблемалық мәселелерін шешу тұр. Бүгінгі кездесу процестердің ашық еместігі мен әкімшілік кедергілердің болуына байланысты шешімін таппайтын өзекті мәселелердің тізбесін анықтау және жою үшін өзінің оң нәтижесін береді деп ойлаймын",-деп Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде атап өтілді.

Департамент өкілдері атап өткендей, қаланың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша мәселелерді жедел шешу мақсатында жұмыс тобы құрылып, Telegram мессенджерінде экология саласындағы ұсыныстар мен шағымдармен алмасу үшін "Almaty&Ecology" чат құрылды.

Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін одан әрі іске асыру және жою үшін бірқатар ұсыныстар берді.

 "Өкінішке орай, Алматы қаласында көптеген жылдар бойы экологиялық жағдай күрделеніп келеді. Әрбір қала тұрғыны қандай экологиялық жағдайда өмір сүретінін білуге құқылы деп санаймыз, өйткені қаланың болашағы осыған байланысты. Бізді қолайлы қоршаған ортаға деген құқығымызға әсер ететін көптеген мәселелер алаңдатады. Қазіргі таңда халық арасында экологиялық сананы қалыптастыру өте маңызды. Ол үшін бәріміз бұл жұмысты ең алдымен өз балаларымызды тәрбиелеуден, отбасыдан бастауымыз керек", - деп ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Айнұр Сабитова өз ойымен бөлісті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір