Елімізде интернеттегі сауда қызып тұр

/uploads/thumbnail/20170708235616733_small.jpg

Елімізде интернеттегі сауда қызып тұр, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы businessnews.kz – ке сілтеме жасап.

Қазақстанның иннернет бизнесі және ұялы сауда ассоциациясы онлайн дүкендердің, қосымшалардың рейтингін анықтап отырады. Олардың соңғы жүргізген зерттеулері бойынша ғаламтор арқылы тапсырыс беретіндердің дені 23 пен 40 жас аралығында екен. Жыныс жағынан қолданушылар теңдей. Тек, кейбір дүкендерде айқын басымдық білінеді. Мәселен, lamoda.kz тұтынушыларының 70 пайызы – әйелдер, қалған 30 пайызы – ер адамдар.

Сол сияқты, көлік, құрылыс заттарын сататын дүкендердегі ер адамдар басым. Ал, өңір жағынан оқ бойы озық тұрған қала – Алматы (40%). Одан кейін Астана (30%), Қарағанды (12%) халқы белсенді келеді. Қалған 18 пайыз 13 өңірдің үлесіне тиесілі. Ассоциациалықтар Батыс, Оңтүстік өңірлердің белсенділігі тым төмен екендігін айтады.

 Қазақстанның алпауыт интернет компанияларының ондығын тізетін болсақ, соңғы орынға qiwi.kz табан тірейді. Ал,тоғызыншы – kolesa.kz, сегізінші – epay.railways.kz, жетінші – sulpak.kz, алтыншы – halykpay.kz, бесінші – kassa24.kz.

 

Связанные Статьи