Алматы қаласында қызтекелер фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz «Экспресс-К» басылымына сілтеме жасап.
Гомосексуалистердің құқығын қорғаушы қозғалыс жетекшісі Алекс Сад іс-шара Алматыдағы М. Горький атындағы саябақта өтетінін хабарлаған. Ол қазіргі қоғамның өздеріне деген көзқарастары дұрыс қалыптаспайынша ауқымды шерулер өткізу мүмкін болмай отырғанын да айтқан.
«Сауалнама нәтижелері ел азаматтарының 82 пайызы гейлерді жақтыртпайтынын көрсетті. Әрбір төртінші гей көшеде таяқ жеп жүр. Бізді қорқытады, қоқан-лоққы жасайды. Осы фестиваль әлгіндей көзқарастарға қарсы алғашқы шара болады», - дейді Сад.
Сондай-ақ, Сад өз басы гомосексуалдардың бір түрі «еркекқыздардың» қылығын түсінбейтінін айтып, олардың бұл фестивальге қатыспайтынын жеткізген.