Ұрысқақ тотықұс полицияны әуреледі

/uploads/thumbnail/20170709002440275_small.jpg

Канададағы Брайтон қаласының тұрғындары көршісінің дауыс көтеріп, жанжал тудырғанын естіп, әйелімен керісіп жатыр деген оймен полиция шақырған. Сөйтсе ол тотықұспен ұрысқан болып шықты, - деп жазады ҚазАқпарат Би-би-си-ге сілтеме жасап.

Полиция көршілері әйелімен қатты сөзге келіп, оны өлтірем деп қорқытып жатқанын айтқан бірнеше тұрғыннан шақырту алған.

Оқиға орнына жеткен полицейлер үй йесі мен қарсы жауап қайырудан есе жібермей салғыласып жатқан тотықұстың жанжалына куә болған.

Полиция иесімен жанжал барысында тотықұстың зардап шекпегенін атап өтеді. Ер адамға полицейлер ешқандай шара қолданған жоқ.

Связанные Статьи