Жұма күні «Истерн» «Оңтүстік Қытайды» 2:1 есебімен ұтып, Гонконг Премьер-лигасының чемпионы атанды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Истерннің» бапкері - 27 жастағы Чан Юн Тин - ерелер футбол командасын жоғары дивизионда жеңіске жеткізген тарихтағы алғашқы әйел болды. Титулды жеңіп алу үшін оған бар болғаны бес ай қажет болды: ол «Истерннің» тізгінін желтоқсанда алған, деп хабарлады AFС.
«Истерн» 1995 жылдан бері осымен бесінші рет Гонконг чемпионатында жеңіске жетті.
Төрт жыл бұрын «Истерн» үшінші дивизионның чемпионы болды, ал келесі жылы екінші дивизионды ұтып, элитаға оралды.