Экологтардың болжамы бойынша биотоғаннан ауаға күкірт сутегісі тарап, қалыпты жағдайдан 10 есеге артқан, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz – ке сілтеме жасап.
Қазір мамандар кәріз суынан сынама алып, зертханаға жіберді. Күн күрт жылығасын тұрмыстық қалдық жиналатын тоған бетіндегі мұз еріп кетсе керек. Соның салдарынан қолқаны қабатын иіс айналаны лезде алып кеткен. Улы газ иісіне тұншыққан тұрғындар көшеге шығудан қалды. Күкірт сутегісінің нақты қайдан шыққаны сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.
Азамат Бектасов, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:
- Ертең тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті, «Қазгидромет» орталығының мамандарымен бірге топ құрып, улы газдың ошағын анықтайтын боламыз. Күкірт сутегісінің адам ағзасына зияны жоқ.