Американдық Доминик Уэйдпен болған кездесу де Геннадий Головкин үшін табысты болды.
WBA WBC IBO IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы чемпион Головкин Уэйдті сұлатып салды. Бас-аяғы екі раундт ішінде үш рет жер иіскеген Уэйдтің ары қарай төбелесуге жүрегі дауаламады. Айта кетерлігі, бұл Уэйдтің кәсіби бокс карьерасындағы алғашқы жеңілісі.

