Бүгін, 24 сәуірде Атырауда Исатай-Махамбет алаңында 100-ден астам адам рұқсат етілмеген митингке шықты. Олар жерді шетелдіктерге сатуға мүмкіндік беретін Жер кодексіндегі өзгерістерге қарсы наразылық білдіруде.

Қаладағы белсенділер заңға сәйкес, он күн бұрын қалалық әкімдікке 24 сәуірде митинг өткізуге өтінім берген еді, бірақ оларға рұқсат беруден бас тартылды. Сөйтіп адамдар өздері жиналды. Митингке шығушыларға Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ, облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ келді. Олар жиналғандарға жаңа Жер кодексінде Қазақстанның егемендігіне қауіпті ештеңе жоқ екендігін түсіндіруге тырысты, алайда оларды дұрыс тыңдамады. Белсенділердің сөздерін тыңдаған қала әкімі митинг позициясын облыс әкіміне жеткізуге уәде берді. Белсенділер өз кезегінде адамдарды "арандатуға берілумеуге", митинг бейбіт болу үшін өздерін тәртіпті ұстауға шақырды. Алаңда полиция мен "штаттық" киімдегі адамдар көп болды.

Әкім, қала прокуроры және басқа да лауазымды тұлғалар митингіден кетті. Алаңда көптеген адамдар, соның ішінде әйелдер мен балалар қалды. Жиналғандар арасында ауыл тұрғындарының көп екені байқалады. Алаңда адамдар уақыт өткен сайын молая түсуде.

Алаңдағы митинг жалғасып жатыр, Қарабатаннан және облыстың басқа да мұнай поселкелерінен вахташылар келіп, мінбеге шығып, өздерінің белсенді ліктерін танытуда. Жергілікті уақыт сағат 14.00 шамасында (Астана уақытымен 15.00) алаңға жиналған халық мыңнан асты.
14.30. Алаңға Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ келіп, митингіге шығушылармен келіссөздер жүргізді. Облыс әкімімен келіссөзде ереуілші халық таңертең құқыққорғаушы органдар көтерген 8 азаматтық белсендіге қатысты қылмыстық істі тоқтатуды талап етті. Бұл оның құзіретінде еместігін мәлімдеген облыс әкімі алаңнан кетті. Микрофондар жұмыс жасамайды және халықтың шуынан сөз сөйлеушілердің сөздері анық естілмейді. Әкім кеткеннен кейін митингішілер қала прокуроры Руфат ҚҰТТЫҚОВТЫҢ атын атап, оған да осы талаптарды қойды.

15.30-да наразылыққа шығушылармен Атырау қаласының әкімі Руфат Құттықов келіссөзге кірісті. Одан халық алдында жоғарыда аталған 8 белсендіні және бүгінгі митингіге қатысқандардың бірде-бірін жауапқа тартпаймыз деп сөз беруін талап етті. Прокурор мұндай уәде беруге құқылы еместігін айтып, бәрі заң жүзінде шешіледі деп мәлімдеді.
16.00-де облыс және қала әкімдері алаңға оралып, адамдармен келіссөздерін жалғастырды. Облыс әкімі митингіге қатысушыларға ешкім қудаланбайтынын мәлімдеді. Жиналғандар оның халық алдында уәде беруін талап етті. Әкім бұған өзінің қашан да өз сөзіне жауап беретінін айтты. Ереуілшілер тарапынан жерді сату және жалға беруді тоқтату туралы талаптар қойылды. Ноғаев жиналғандарға митингішілердің талаптарына нақты жауап беру үшін заң бойынша биліктің 21 мамырға дейін уақыты бар екенін түсіндірді.
16.30-да митингіге қатысушылардың арасындағы бір ақсақал бата беріп, ереуілшілдер бейбіт тарай бастады.
Азамат МАЙТАНОВ
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суреттер мен бейне жазбаны түсірген автор
Azh.kz