Ерлан Сағадиев 12 жылдық білім берудің мақсатын түсіндірді

/uploads/thumbnail/20170709002504322_small.jpg

ҚР Білім және ғылым министрі  12 жылдық білім берудің мақсатын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды , - деп хабарлайды Qamshy.kz  Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.  

Министрдің айтуынша, 12 жылдық білім беруге көшудің мақсаты оқушыларды тағы бір жыл ұстап отыру емес. "18-19 жыл бойы оқыту деген мақсатымыз жоқ. Негізгі міндет - бірінші сыныпты 6 жастан бастау. Қазіргі уақытта 6 жастағы балалардың жартысы мектепте оқиды, ал қалған жартысы оқымайды. Алты жас - баланың ең маңызды жасы. Мұны бұрынғы кеңес одағындағы мемлекеттер әлдеқашан түсініп қойған. Бұл мидың максималдық синопсисі. Алты жастан кейін ол қысқара бастайды. Бұл - ғылыми зерттеу және оны барлығы түсініп отыр. Егер осы жасты пайдаланбасақ, әрмен қарай тек қиындықтар болады. Дәл осы жас керек. Бұл жаста мектеп партасына отырғандар мен отырмағандардың арасында айырмашылық болады. Әсіресе ауыл мен қала балаларының айырмашылығы жер мен көктей болады. Сондықтан, бірінші мақсат - алты жастан бастап партаға отырғызу. Бұл мақсатта арнайы сыныптар дайындалған. Бұл бағдарламаны төрт жылдың ішінде енгізу басты мақсат. Қазір 150 мың бала оқиды, 180 мың бала оқымайды. Осы 6 жаста мектепке бармайтын 180 мың бала үшін осы бағдарламаны енгізіп жатырмыз", - деп түсіндірді еліміздің бас мұғалімі. 

Связанные Статьи