Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында атыс болды. Куәгерлердің айтуынша, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап.
Оқиға 24 сәуірде сағат 03.30 шамасында Қарқаралы қаласындағы "Тамаша" мейрамханасына жақын жерде болған. Оқиғаны куәгерлерлер видеоға түсіріп алды.
Қарағанды облысы ІІД өкілдерінің мәліметінше, 24 сәуірде Қарқаралы аудандық ішкі істер бөлімінің жол-патрульдік полициясының взводы аралау барысында қаланың бес тұрғыны көлікте мас күйінде болып, қызметтік көлікті тоқтатып, полицейлерді балағаттаған. Олар полицейлерді мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігін алып қойды деп айыптады.
"Полицейлерге қатысты күш көрсетті. Полицейлердің бұзақылық көрсетуді тоқтату туралы бұйрығына ер адамдар мойынсұнбады. Құқыққа қайшы келетін әрекеттерге байланысты полицейлер табель қаруынан әуеге және жерге ескертпе оқ атты. Алдын ала мәлімет бойынша, жерге атылған оқ қатысушылар мен "төбелес бастаушылардың" біріне тайып барып тиген. Оқиға орнына келген қосымша ІІБ күштері күдіктілерді полиция бөліміне жеткізді", - деді баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.
Жараланған адам ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша, оқиға сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") тіркелді.