ҚАСКЕЛЕҢ ӨЗЕНІНДЕГІ КӨПІР ҚҰЛАДЫ (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709013103665_small.jpg

Алматы облысының Қараой аулында көпір құлады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, Іле ауданының өрт сөндіру бөліміне Қараой ауылдық округы әкімінен бүгін сағат 9.28-те ауыл іргесінде ағып жатқан Қаскелең өзеніндегі көпірдің құлағандығы туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнында ТЖ, әкімдік, прокуратура, тағы басқа мемлекеттік органдардың өкілдері жұмыс істеуде.

«Оқиға орнында көпір астындағы тіреудің шайылуына байланысты көпірдің бір бөлігі орнынан сырғып, құлағаны анықталды. Апаттан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Бұл көпір темір-бетон плиталар мен тіреулерден 80 жылдары құрастырылған», - дейді Алматы облысы Іле ауданы ТЖБ бастығы Анаят Мәсімов.

Соңғы күндері Алматы қаласы мен облысы аумағында толассыз жауған жаңбыр салдарынан өзен суларының арнасынан тасып жатқанын естеріңізге саламыз.

Связанные Статьи