Үкімет мүшелері жерге қатысты брифинг өткізуде

/uploads/thumbnail/20170709013345230_small.jpg

 Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен брифинг өтуде, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Брифингте Бақытжан Сағынтаев өткен сенбідегі Жер комиссиясының алғашқы отырысының қорытындыларын жариялады. Оның айтуынша, комиссия отырысында да, одан тыс 1434 нөмірі бойынша ашылған шұғыл желіге де көптеген ұсыныстар түскен.

«Ауылшаруашылығы министрлігі жанынан штаб құрдық. Комиссияның хатшылығы жұмыс істеуде. Осында комиссия мүшелерінің де, басқа азаматтардың да барлық ұсыныстары жинақталатын болады», - деген Б. Сағынтаев әрбір ұсыныс, пікірдің сарапталатынын баса айтты.

«Біз осы жер мәселесінде барлық азаматтардың жұмылдырылғанына мүдделіміз. Қазір біз БАҚ-та, әлеуметтік желілерде айтылып жатқан барлық ұсыныстарды қарап отырмыз. Олардың барлығы талданатын болады. Яғни, Елбасы айтқандай, жерге байланысты сары уайымға салынып жүргендердің барлығы да ойларын ортаға салуы керек», - деді ол.

Естеріңізге салсақ, өткен сенбі күні Жер комиссиясының алғашқы отырысы өткен болатын. Оның құрамына 75 адам қабылданғанымен, бүгінде бірнеше азамат комиссия жұмысына қатысудан бас тартты.

Связанные Статьи