Әлеуметтік желілерде жазылған әр жазба, әр пікірді билік оқып отыр (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709013410433_small.jpg

Фейсбук, инстаграм, вконтакте болсын, жер туралы  жазылған әр пікір, комментарийді билік оқып отыр. Және мұндағы ұсыныстар назарға алынады. Кеше комиссияның алғашқы жұмыс қорытындысын жария етуге келген вице-премьер Бақытжан Сағынтаев осылай деді, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап. 

Олар реформа туралы айту үшін Астана мен Алматыға келудің қажеті жоқ деп отыр. Себебі, комиссиядағы 70-тен астам адам жарты айдан кейін жер-жерді аралап, түсіндіруге өздері шықпақ екен. 

Түске дейін тыныш отырған үкімет, табан асты «жер комиссиясының» жұмысымен таныстырамыз деп журналистерді жинап алды. Вице-министр Бақытжан Сағынтаев, ауылшаруашылығына енді келген Асқар Мырзахметов пен «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құлмұхаммед небәрі жарты сағатта баяндама жасап, күйіп тұрған тақырыпты бірге талқылауға шақырды.

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Әлеуметтік желілердегі БАҚ басылып, шығарылып жатқан ұсыныстардың барлығы қаралып жатыр. Жер үшін шынымен жаны ауыратын адамдардың барлығы да өз сөзін айтуы керек, сондықтан баршаларыңызды осы тұрғыда белсенді түрде талқылауға қатысуға шақырамын. 

«1434» - бұл жер туралы сауалы барлардың барлығына хабарласуға болатын кол орталық нөмірі. Әзірге мұнда 700 қоңырау түскен. «Жертуралы» сайтында 30 адам пікір қалдырыпты. Қызығы... хабарласушыларды тіпті басқа түйткілдер мазалайды деп отыр министр.

АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- 90 пайызы шетелдіктерге жерді жалға беру, сату емес, тіпті бөлек, өзінің жерді пайдалануына қатысты туындап отырған сұрақтар. Шетелдіктерге қатысты бірен-саран сұрақтар келді. Көбіне тұрғын жерде тұрғын үй салу мәселелерін шешу, жалға алған жерлерді кепілдікке қойып несие алу мәселелері бар.

Жерді сатудың жағымды жақтарын тізген министр: банктерге жерді кепіл еткен кезде жалдағы жерлерді бағалау құны төмен деді. Және қазір жекеде жері барлар «телімдерді қайта сатып аламыз ба» деп алаңдаулы екен. Ал бас партияға енді келген Мұхтар Құл-Мұхаммед жұрттың жер туралы өзгерісті әлі түсінбей жүргенін айтты.

МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Шет елдіктерге жерді сату деген норма қолданыстағы заңда да, ұсынып отырған заңымызда да жоқ. Заңның статьясы да, пункті де подпункті де жоқ. Шетелдіктерге жер сату деген алыпқашпа әңгіме. Әйтеуір бір айтатын ауыз болған соң айтып қалайын деп айтып отырған адамдар әңгімесі.

Дубайдың тез дамығаны, шетелдіктерге жер беріп инвесторларды тартқаны деген Мұхтар Құл-Мұхаммед шетелдіктерге телімнің өтіп кету тетіктері жоқ деп сендірді. 

МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

-Егер шетелдің азаматы қазақстандыққа үйленген күннің ертеңінде ол азаматтық ала алмайды. Ол кем дегенде 5 жыл тұру керек Қазақстанда.  5 жыл тұрып, некеге тұрғаннан кейін ол арыз жазу керек азаматтық жөніндегі комиссияға. Содан кейін оған бере ма, бермей ма қарау керек. Оны да қарап отырған азаматтар бар.

Сондай-ақ партия төрағасының орынбасары пікір білдіремін деп Астана мен Алматыға ағылудың қажеті жоқтығын айтты. Әркім әкімдікке барып, қоғамдық кеңеске жолықса болады екен. Ал маусым айынан бастап комиссияға мүше 70-тен астам адам реформаны алып, елді-мекен аралап, әр тұрғындарымен жеке кездеседі.  

Связанные Статьи