Cот жезқазғандық монополисті тәубесіне келтірді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709013422090_small.jpg

Тұрғындарға электр қуаты бағасын негізсіз көтеріп келген монополист компанияның заңсыз әрекетіне сот нүкте қойды, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы тұрғындарының жартысын электр қуатымен қамтитын «Жезқазғанэнерго» компаниясы тарифті заңсыз көтерген. Осы арқылы компания 2 миллиард 200 миллион теңге пайдаға кенеліпті.

Компания 2015 жылдың басында бір электр энергиясының бір киловатының тарифін 12 ден 20 теңгеге бір-ақ шарықтатып жіберген еді. Сол кезде жұрт шу шығарған соң, монополияға қарсы агенттік тексеріп, тарифтің жоғарылауын заңсыз деп тапты. Алайда монополист компания мемлекеттік мекемемен бір жыл бойы соттасып келеді. Осы уақыт ішінде өздері белгілеп алған тарифпен халықтың қалтасынан 2 миллиард теңгеден асатын қаржыны қағып алған. Айтыс-тартыспен іс Жоғарғы сотқа жетіп, ақыры «Жезқазғанэнерго» тарифті заңсыз көтерген деген шешім шықты. Енді монополист халықтың ақшасын қайтаруы тиіс. 

Жұлдыз Ескенова Қарағанды облыстық Монополияғы қарсы департаментінің бөлім басшысы:

-Әр тұтынушы сотқа арызданып компаниядан берешегін талап етуге құқылы. Жоғарғы соттың шешімі негізге алынады.  Біз өз тарапымыздан да компанияның елге қарызды қайтаруын немесе қайта есеп жүргізуін қадағалаймыз. 

Связанные Статьи