ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Алматы маңында БТР-лардың неге жүргенін айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.
Бүгін түрлі мессенджерлерде БТР-лар легі Алматы-Қапшағай тасжолында кетіп бара жатқаны түсірілген видео тарап жатыр. Кейбір қолданушылар Алматыға қосымша техниканың кіріп жатқанын айтты. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жанар Колбачаева бұл техникалардың жоспарлы оқу-жаттығудан қайтып келе жатқанын айтты.
«Бұл видео 18 мамырда, сәрсенбі күні түсірілген. Әскери техниканың тоғыз данасы жоспарлы жауынгерлік дайындықтан келе жатқан. Техниканың бір бөлігі Қапшағайға қайтып келе жатқан, қалғандары Алматыға бет алған сәті. Олар жаттығудан қайтып бара жатқан, бізде жоспарлы оқу шаралары жүріп жатыр. Олар Ақтауда 2015 жылы болған жағдайдың қайталанбауы үшін (Авт.: 2015 жылдың қыркүйегінде Ақтауда жаттығу кезінде төрт БТР-80 суға кеткен еді) БТР жеке құрамының жоспарын орындайды, олар БТР-мен жүзіп үйреніп жатыр. БТР-лерге арналған бассейн Заречныйда. Бұл бітімгерлік бригадасы. Олар жоспарлы оқу-жаттығулардан қайтып келе жатқан", - деп түсіндірді Колбачаева.
Сонымен қатар, Колбачаева Алматыға қосымша әскери техника кіргізіліп жатыр делінген мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.