«ЖЕЛТОҚСАНДА» ДА ОСЫНДАЙ БОЛҒАН...

/uploads/thumbnail/20170709013618529_small.jpg

Мен бұл хабарды (Алматы алаңдарының айналасынан суық қару табылғандығы туралы – авт.) əдейі ұйымдастырылған деп білемін. Яғни, ертең алаңға адам жібермеу үшін ойлап тапқан қулықтарының түрі бұл. Егер шынымен де осындай әрекеттерге барған қылмыскерлер ұсталса, онда құқық қорғау органдары халыққа олардың түрлерін көрсетсін. Қару тапқан үйді көрсетсін.

Күмәндану себебім, 1986 жылы бізді алаңға шыққан нашақорлар мен маскүнемдер деп еді. Тіпті, арақ тиелген машина кіргізген алаңға. Сол кезде анадай арматураны тəртіп сақшылары ұстап жүріп, бейбіт халықты сабаған. Билік сол кезде осындай қадамға барған.

Мен төрт күн болды үйге бара алмай жүрмін. Үйімнің айналасын полиция торуылдап, іздеуде жүрмін. Әлдебір күштер қарапайым халыққа да, мемлекеттік органдарға да қарсы осындай әрекеттерді ұйымдастырып отырған секілді.

Жер реформасынан басталған даудан соң, осындай қудалаулар арқылы билік халықты өзі арандатып отыр. Бұған дейін де жер жалға берілді. Қазір де сатылып жатпағанына дәлел жоқ. Ондай бос жатқан жерлер көп болса, үйсіз жүрген қазақтарға берсін!

Халелхан Ибрайымханұлы

Связанные Статьи