Отыз бірінші арнада «Айта берсін» атты жаңа бағдарламаның тұсауы кесілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz
Әр сенбі сағат 21.00-де 31 арнада жаңа «Айта берсін» бағдарламасынан шоу-бизнес әлемінің таңдайқақтырар жаңалықтарын, эстрада, спорт және кино жұлдыздарының беймәлім құпияларын тамашалауға шақырамыз. Сахнада үнемі қуанып, күліп жүретін, халықтың көңілін көтеретін жандардың жүрек тебірентер оқиғасын, көзжасын, жанайқайын, емен-жарқын әңгімесін осы бағдарламадан көре аласыздар.

«Айта берсін» бағдарламасының тұсаукесер көрсетілімі7 мамырда сағат 21.00-де эфирден берілді. Бағдарламаның тілі – қазақша. Алғашқы көрсетілімде танымал әнші Шахизада көрермендерге өзінің жаңа үйін көрсетіп, 10 жыл отасқан күйеуімен ажырасқанын ашық айтты. Алтынай Жорабаева қайын жұртының үйіне сирек баруының себебін түсіндірді. Айгүл Иманбаеваның бұған қатысты екенін де анықтадық. Меруерт Түсіпбаева өзінің жеке өмірін шетке ысырды. Неліктен экс шымкенттік келін ақ босағадан бас тартты? Сонымен қатар, Анна Данченко шоу-бизнес өкілдерінің артық салмақпен қалай күресуге болатындығынан хабардар етті. Қайрат Нұртас қарындасы Ақерке Тәжібаеваның тойына өз отбасымен келгені рас па?

Бағдарламаның алдағы көрсетілімінде жұлдыздардың өміріндегі айтулы оқиғалар көрермендерге жол тартады. Қайрат Нұртас Айқынға өкпелі ме? Қос әнші нен бөлісе алмай жүр? Тоқтар Серіков жарынан не талап етеді? Мақпал Жүнісова пластикалық хирург пышағының астына жататыны рас па? Және Мәдина Садуақасова жаға бейнебаян түсіру барысында «гламур» кербездің рөліне қалай енді?
Әр сенбі сағат 21.00-де қазақстандық жұлдыздардың өміріндегі жаңалықтар назарларыңызға ұсынылады. Тек эксклюзивті кадрлар мен халықтың назарында жүрген жандармен сұхбат.
Әр сенбіде 31 арнада 21.00-де
Отыз бірінші арна— отбасымен бірге көруге арналған көтеріңкі көңіл сыйлайтын ұлттық арна. Таң қалдыратын, шабыттандыратын, көңілді, қауіпсіз арнаның ұраны «Отбасымен бірге көрейік!»