Астанада ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Жер реформасы бойынша республикалық комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың жетекшілігімен комиссияның екінші отырысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz .
«Комиссияның 75 мүшесінің 67-сі өзінің отырысқа қатысатынын растаған. Біраз адамдар сұхбат беріп жатыр, жолда келе жатқандары бар. 7 адам белгілі себептермен қатыса алмай отыр. Оның екеуі өз еріктерімен комиссия құрамынан шығатындарын айтқан. Қалғандары денсаулық жағдайына байланысты өткен жолы да қатыса алмаған болатын. Сол себептен ол кісілерге тезірек сауығып, жұмысымызға қосылуын күтеміз», - деді Б. Сағынтаев.
Қазір комиссия мүшелері жұмыс топтарының жетекшілерін таңдап жатыр. Төрт жұмыс тобын құру ұсынылған болатын: экономикалық, құқықтық, рәсімдердің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету тобы, комиссия шешімдерін түсіндіру мен ақпараттандыру тобы.
Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысын Bnews.kz сайтында онлайн-трансляция арқылы көріп, спикерге өз сауалыңызды жолдай аласыздар. Егер сауалыңыз модерациядан өтсе, спикер сіздің сұрағыңызға тікелей эфирде жауап береді.