Мұхтар Тайжан – жер комиссиясындағы құқықтық топтың жетекшісі

/uploads/thumbnail/20170709013641607_small.jpg

Астанада жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы басталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Отырыста комиссия құрамындағы жұмыс топтарының құрамы мен жетекшілері сайланды. Комиссия құрамына экономикалық, құқықтық, заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету және ақпараттық бағытта жұмыс істейтін төрт топ құрылып отыр.

Комиссия ішіндегі құқықтық бағыттағы жұмыстармен айналысатын топтың жетекшілігіне экономист Мұхтар Тайжан сайланды. Жер реформасы мәселесімен айналысатын негізгі топтың бірі экономикалық жұмыс тобының жетекшілігіне С. Сейфуллин атындағы Аграрлық университеттің ректоры А. Күрішбаев, комиссия жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету тобының жетекшілігіне Д. Көшім, ақпараттық топ басшылығына М. Әбенов бекіді.

Связанные Статьи