ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Астанада журналистердің ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
"Әріптестеріміздің ұсталғанын жер реформасы жөніндегі комиссия отырысына келе жатқан кезде біліп, ішкі істер министрімен байланысқа шықтым. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр, олардың не себепті ұсталғаны анықталып жатыр. Сонымен қатар, ол журанлистердің жақын арада бостаылуы мүмкін екенін айтты", - деді Дәурен Абаев.
Ол журналистерге қолдау білдіретінін де айтып, мұндай жағдай қайталанбауы үшін ішкі істер министрлігімен жұмыс жасайтынын да жеткізді.