Жүрсін Ерманның шығармашылық кеші өтеді

/uploads/thumbnail/20170709014250117_small.jpg

Алматыда 6 маусым күні ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың екі дүркін иегері, айтыс өнерінің ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның шығармашылық кеші өтеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ақынның шығармашылық кешін өткізуге Алматы әкімдігі ұйытқы болып отыр.

М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтетін кеште өнер көрсететін «МұзАрт» тобы, «Нұр-Мұқасан» дуэті, Ерлан Рысқали, Еркін Нұржан, Аллажар Қайбар сынды бірқатар өнер жұлдыздарымен қатар, Айбек Қалиев, Еркебұлан Қайназар, Болатбек Оразбаев, Аспанбек Шұғатаев, Иранғайып Күзембаев, Мейірбек Сұлтанхан, Қалижан Білдашев, Шұғайып Сезімхан сынды айтыс ақындары да жырдан шашу шашпақ.

Шығармашылық кеш 6 маусым күні М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрында сағат 17.00-де басталады. Келем деушілерге есік ашық. 

Связанные Статьи