Ресей футбол құрамасының бұрынғы капитаны Андрей Аршавин 29 мамырда 35 жасқа толады. Қазір «Қайрат» командасының құрамындай ойын көрсететін Аршавиннің жеке өмірі көпшілікті қашанда қызықтырған.
Аршавин қазақстандық «Қайрат» командасының құрамына қосылған үш айдың ішінде қарсыластың қақпасына бар-жоғы бір ғана гол соққан. Командалас әріптестері оның жалағысы өздерінен әлдеқайда жоғары екенін талқылап, қалжыңдасады. Олар өздеріне қарағанда Аршавиннің айлығын ақша санағыш құралдың өзі бірнеше минутқа ұзақ санайтынын айтады. Дегенмен «Қайраттықтар» Аршавинді командаға жылы қабылдаған.

«Біз тез-ақ достасып кеттік, - дейді «Қайраттың» қорғаушысы Тимур Рудосельский. Андрей қарым-қатынасқа өте қарапайым, әзілді жақсы сезінеді, жинақы, ойлы жігіт. Өкінішке орай, бізде бірлескен демалыс уақыты бола бермейді. Көбіне тек футбол алаңында кездесеміз. Ол маған ескі достарша алдыңа мақсат қойып, сол нәрсеге жету үшін әрдайым жаттығуда болу керек деп кеңес береді. Кейде бірге кешкі ас ішеміз. Мен үйленгенмін, оның сүйіктісі жақында келеді, сол кезде мейрамханада жақсы кеш ұйымдастырамыз», - дейді.
Аршавинді көпшілік Алматыдағы ең танымал сауда орталығы Essentai Mall-мен қала орталығындағы Union барынан, әртістердің концерттері мен диджей-сеттерден және футбол матчтарын трансляциялайтын орындардан жиі кездестіріп жатады. Ал футболисттің денсаулығын ORHUN MEDICAL диагностикалық орталығының ең таңдаулы дәрігері Максим Галушкин үнемі бақылауда ұстайды.
Аршавиннің сүйіктісі 34 жастағы Алиса Казьмина Қазақстанға сәуір айының соңында келуді жоспарлаған. Бірақ оның отбасы оқу жылының аяқталуын күткен. Өйткені Казьминаның қызы әлі мектеп қабырғасында оқиды. Андрей Аршавин ғашығы мен оның балаларын күтіп алуға жақсы жағдай жасап жатыр.

Аршавин ғашығының келуіне орай Esentai тұрғын үй кешенінің ең соңғы (жоғарғы) қабатында орналасқан ең қымбат пәтерді жалдаған. Екі жатын бөлмесі бар бұл қымбат пәтерді кезінде оның әріптесі Анатолий Тимощук те жалдаған. Жиһаздары минимализм стилінде жайғастырылған пәтердің тазалығы мен кір жуу қызметтерінің бәрі сапалы ұйымдастырылған.
Аршавин мерейтойын Алматыда ғашығымен бірге әріптестерінің басын қосып өткізбек.
«Біздің команданың өз дәстүрі бар. Әр ойыншы туған күнінде торт әкеліп, шәй ішіп атап өтеміз» , - дейді Тимур Рудолсельский.
Бұл мерекелік кешке Андрейдің бұрынғы әйелі, тележүргізуші Юлия Барановскаядан туған балалары Яна, Артем және Арсения қатыспайды. Футболист бұрынғы отбасымен қарым-қатынасын біржола үзген. Тіпті сәуір айында 8 жасқа толған ортаншы қызы Янаны туған күнімен құттықтамапты.


«Андрей Аршавин бұрынғы әйелі мен балаларының алдындағы қарызын төлеп құтылған. 8 миллион рубльге жуық ақша берген. Бір-бірінің өміріне кедергі етпей үшін бала-шағасымен, бұрынғы әйелімен қатынасты толық үзді. Дегенмен, Юлия балаларымен теңізге барып демалғысы келгенде, Аршавин оларға шетелге шығуға рұқсат бермеді», - дейді адвокат Андрей Тындык.