Facebook пен Microsoft тамыз айында өткізу қабілеті жоғары суасты трансатлантикалық кабельді жүргізу жұмыстарын бастайды, - деп жазады ҚазАқпарат geektimes.ru-ға сілтеме жасап.
MAREA жобасы Солтүстік Америка және Еуропа жағалауын байланыстырады. Сегіз оптикалық жұп кабель мәліметтерді 160 Tbps жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді.
Ұзындығы 6 600 шақырымдық кабель Виргиния Бич - Бильбао бағытымен өтетін болады.