САПАСЫЗ ЖОЛДАР ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709015144546_small.jpg

Еліміздегі автокөлік жолдарының сапасы сын көтермейді. Ал, Алматы сынды алып қала айналасындағы жолдардың опырылып, ортасына түсіп жатуы масқара жағдай. Бұл туралы Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

 

Жаңа салынған жолдардың сапасы неге сын көтермейді?

Жолды қалай жылдам жөндей салуға болады?

Шұңқырларды бітеудің тағы қандай жолы бар?

Бұл Алматыдағы осыдан бес күн бұрын болған жол апатынан кейінгі көрініс. Боралдай бағытында жоғары жылдамдықта келе жатқан БМВ көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, апатқа ұшыраған. Көлік ортасынан  бөлініп қалған. Куәгерлер көлік асфальттың  терең ойылған жеріне түсіп кеткені себепті апатқа ұшырады дейді. 

Момышұлы көшесінің Боралдай кентіне барар тұсындағы жапсарлай салынған жаяу жүргіншілер жолы ойылып, ортасына түсіп қалған. Маңайында ешқандай жөндеу техникасының жүрмегеніне қарағанда, бюджет қаражатына салынып, көп ұзамай опырылып, ортасына түскен жол үшін ешкім алаңдамайтындай көрінді бізге. Тек әрі-бері жаяу және велосипедпен өтіп жүретін тұрғындар ренжулі.

 АНДРЕЙ ВОЛОДИН, Алматы қаласының тұрғыны:

- Обрушилось! Явно видно, что вместо баласта засыпали глину. А глина что такое, инертный материал, который легко поддается намоканию и размыванию.

Бұл маңайдан жаяу жүргіншілердің ілуде біреуі ғана өтетінін, әрі көлік жүрмейтінін ескерсек, бұл жолдың қай салмақты көтере алмай ойылып қалғанын түсіну қиын. Опырылған ойықта құбыр сынықтары жатқанына қарағанда, тоқтамай жауған жаңбырдан кейін құбыр жарылып кетті ме деп жорамал жасап қойдық. Тек арнайы мамандар, тіпті солай болған күннің өзінде жол салынбай тұрып бұл жерге геологиялық-гидрологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуі керек еді дейді.

БОТА КАШИМБАЕВА, Гидрогеология және инженерлік геология инженері:

- Құрылыс немесе жол салу, құбыр салуларда әртүрлі себептермен жүргізілмейді. +Жауын-шашын мөлшерінің көп болуынан басқа жоғары балды жер сілкінісі көп болатын болса, оның тигізетін әсері бұдан да көп болатын еді.

Ал, осы маңайдан үнемі ары-бері өтіп жүретін алматылық Андрей Володин болса, жаңа жолдардың сапасыз болуының тағы бір себебін былай түсіндіреді.

Жол сапасының  сын көтермеуінің тағы бір себебін Алматы іргесіндегі әлмеректіктер де айтып отыр.

Тұрғындардың ауылдарына  кіре берістегі жолға жөндеу жасағандардың жұмысына көңілі толмапты. Себебі...

АРАЙ ӘЛДІБАЕВА, Әлмерек ауылының тұрғыны:

- Суды битіп күрекпен алып шетке лақтырып, үстіне прям асфальтты төсеп жатыр. Мұндай жолдың сапасы қалай болады. Тем более жаңбырда астынан

Қайта бұл ауылдың жолдарын арасынан ойық қалдырып отырса да жамап кетіпті.  Қызылорда Мен Теміртау қаласының тұрғындары болса, жолдағы шұңқырларды жамау үшін,  гүл егіп  әуре.

ЗАЙДА ҚОҢЫРБАЕВА, Қызылорда қаласының тұрғыны:

- Өзіміз қолымызбен егіп,мынау өз жыртығымызды өзіміз жамап жатқан жағдай бар. Ал енді бұдан жөнделмесе,тал егіп осылай көркейтіп отырамыз.

Ал, ақтөбеліктер болса, сапасыз, тіпті жөндеу көрмеген жолдарының санын санамалап, тізімін түзеудің өзі қиын дейді.

САМАТ СӘЛІМГЕРЕЙҰЛЫ, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Марат Оспанов, Ғазиза Жұбанова, мына кішкентай көшелер. Оның бәрін айтып отырғуа шамам жетпейді. Бірақ жолдың сапасы жоқ, жоқ, жоқ!

Жолдың сапасы былай тұрсын, өзі де жоқ! Бұл Семей қаласы тұрғындарының пікірі. Тұрғындар бюджеттен бөлінетін қаражаттардың неге өз қаласынан айналып кететінін түсінбей дал. Жолсызбен жүргеніміз үшін, неге салық төлейміз дейді ашынған ел.

МАМАН ӘЛИАКПАРОВ, Семей қаласының тұрғыны:

- Семейде жолдар жоқ. Шынымды айтам мен сізге. Налог төлейміз, страховка төлейміз бірақ Семейде жол жоқ.

Ал, осы жылдың басында ғана ой-шұңқыры жөнделді деген Ақбұлақ ықшамауданының ең басты көшесінің де күйі кетіп қалыпты. Кейбір жолдардың қалаға енді қосылған жаңа аудандарға тиесілі екенін ескерсек, қашан онда трактордың табаны тиетіні де белгісіз.

ҒАНИ МЫРЗАХАНОВ, Алматы қаласы Автокөлік жолдары Басқарма бастығының орынбасары:

- Алматы қаласында қазіргі күнде 2300 шақырым жол болатын болса, оның 600 шақырымы жаңадан қосылған аудандар, елдімекендермен бірге келген болатын. 300 шақырымдай жолда қатты қабатты жол жамылғысы жоқ.

Қатты қабатты жол жамылғысы жоқ көшелерге жөндеу жұмыстарының да қашан толық жүргізіліп бітетіні белгісіз. Себебі онда жолдан өзге су мен кәріз жүйелері жүргізілмеген. Сондықтан Алматы қаласы автокөлік жолдарына жауапты басқарма өкілі,  бұл жұмыс бітпей,  ол жерлерге ешқандай қатты жамылғы төселінбейді, жаңадан жол жасалмайды, - деп кесіп айтты.

Связанные Статьи