Чернобыль қасіретін еске алды

/uploads/thumbnail/20170709015158140_small.JPG

Алматы университетінде Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 30 жыл толуына байланысты педагогикалық мамандықтар кафедрасының «География» және «Шет тілі: екі шетел тілі» мамандықтарының студенттері мен топ кураторлары Ш.С. Кошербаева, Г.Б. Икрамова ұйымдастыруымен «Чернобыль жарылысының зардабы» атты іс-шара өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Кештің қонағы ретінде Чернобыль апатынан құтқару барысында өз борышын орындаған М.В. Шуклин, В.Г. Булдаков, А.В. Долгих шақырылды. Кездесуді Университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры С.Т. Аманғалиева ашып, қонақтармен таныстырды.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сауалдарды қойды. Чернобыль апатын өз көзімен көрген қонақтардың айтар әңгімелері де көп екендігін кездесу барысында көз жеткіздік. Өз кезегінде сөз сөйлеген М.В. Шуклин:

- Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы 26-сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құрамындағы 32 мың қазақстандық болды. Украин халқы Чернобыль апатының зардабын жоюға тигізген пайдамыз үшін әлі күнге зор ризашылықпен алғыс айтады. Біздер өз денсаулығымыз бен өмірімізді қиып, украин халқының басына ауыр күн туғанда қасынан табылып, көмек көрсеттік. Чернобыль апаты күллі адамзаттың қасіретіне айналды,-деп айтып өтті.

Кездесу соңында сөз сөйлеген тәрбие ісі жөніндегі проректор С.Т. Аманғалиева:

- Бүгінгі өткізіліп отырған кездесу «Чернобыль жарылысының зардабы» тақырыбы аясында болып отырғандығын сөз басында айтып өттім.  Бұл — келтірген залалы мен салдары жөнінен ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апаттың бірі. Бүгін міне, Чернобыль апатынан құтқару барысында өз борышын орындаған адамдармен кездесіп, Чернобыль апаты туралы өте жақсы мағлұматтар алдық. Кездесуге келіп өз ойларымен студенттерге бөліскені үшін қонақтарымызға алғыз білдіреміз,-деді. 

Алтын уақытын бөліп, кездесуге келген қонақтарға ректор атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Связанные Статьи