Бақытжан Сағынтаев: Комиссияның отырысына күмән келтіру - арандатушылық

/uploads/thumbnail/20170709015416736_small.jpg

Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысын ашу үшін сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысына күмән келтіруді - арандатушылық деп ойлайтындығын білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Бүгінге дейін комиссия мүшелері мен арнайы жұмыс топтарына, пошталарға, сайттарымыз бен сенім телефондарымызға келіп түскен ұсыныс-пікірлерге қарап отырып, біздің жұмысымыз қоғам арасында кеңінен талқыланып жатқандығын аңғарамыз. Алайда, ел іші мен әлеуметтік желілерде комиссия жұмысына күмән келтірушілер де жоқ емес. Тіпті, олар біз өз жұмысымызды бастамай тұрып, нәтижесін талап етіп, түрлі қауесеттер де таратуда. Менің ойымша, бұл барып тұрған - арандатушылық. Сондықтан да, егер қоғамның кез-келген азаматынан сұранарым, егер ұсыныс-пікір білдірем деушілер болса республикамыздың барлық өңірлерінде тиісті мүмкіндіктер бар. Ондай хабарламаның ешбірі де назардын тыс қалмайды», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі отырысында комиссия мүшелерінің 69 мүшесін қосқан комиссия отырысында жерді шетелдіктерге жалға беру мәселесі қаралуда.  

Связанные Статьи