Мұхтар Шаханов: Қытай құдалар қаптаса қайтеміз?

/uploads/thumbnail/20170709015446736_small.jpg

Ақын, Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Шаханов қыздарымыздың шығыстағы көршімізге көптеп тұрмысқа кетіп жатқаны да жер мәселесінде ескерілуі керектігін айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Қаншама қыздар Қытайға тұрмысқа кетуде. Мұны да ескеруіміз керек. Ертең қытай құдаларымыз қаптаса қайтеміз», - дейді ақын.

Сондай-ақ, М. Шаханов жер реформасына наразылық танытып қуғындалған азаматтарға да араша сұрады.

«Кешегі ұсталған азаматтар ішінде журналист, «Жас Алаш» газетінің Бас редакторы Рысбек Сәрсенбай бастаған бір топ журналистер бар. Билікті күштеп басып алмақ болды деп әнші, композитор Жанат Есентаев бастаған бірқатар адам қамауда отыр», - дейді М. Шаханов.

Связанные Статьи