Жер қазақстандықтарға сатылған жағдайда, оларға нақты шарт қою керек, деді - ұйымдастырушылық жұмыс тобының жетекшiсi Дос Көшiм Жер реформасы жөнiндегi комиссияның кезектi отырысында.
«Бiздiң тобымыз бейсенбi күнi өз отырысын өткізеді. Өкiнiшке қарай, бiзде бес-ақ адам отыр. Бiздiң топтағы азаматтардың көбi Алматыда тұрады. Сондықтан бiз екi мәселенi – жаңа ережелердi жақсарту және өткен жылғы қазақстандықтарға жер сату мәселесiн қарастырдық. Ең дұрысы, жер қазақстандықтарға, ешкiмге сатылмауы керек. Екiншi ұсыныс та бар, ол бойынша жер қазақстандықтарға сатылуы керек, бiрақ, нақты шарттар қойылуы керек деген мәселе», - дейдi Дос Көшiм.+
Оның айтуынша, оларға техникалық бағыттағы шарттар қойылуы тиiс. Ендi жұмысшы топтарға аймақтарға шығу қажет. Себебi, ауылдарда, аудандарда жер бөлу процесiнiң қалай өтетiнiн көру керек. Сол адамдармен сөйлесу қажет.